Жаңа жылға аз уақыт қалды. Мен сияқты жақындарыма не сыйлаймын, қалай қуантамын деп бас қатырып жүрсеңіз, бірге Honor X9c ұялы телефонын қарап көрейік. Көзтартар жаңа гаджеттің қандай мүмкіндіктері бар? Қандай артықшылығы бар? Қалтаны теспей ме? Толығырақ материалда.
Жаңа жыл жақындағанда ең алдымен ойланатынымыз - жақындарыма не сыйлаймын, қалай қуантамын? Мен де бұл сұраққа ұзақ бас ауырттым. Әрине, оларға сапасыз нәрсе бергің келмейді, сондықтан телефоны ескірген ініме смартфон сыйлаймын деп шештім. Жақыныма сыйлық іздеп жүргенде маған жаңа смартфонды сынап көру мүмкіндігі бұйырды.
Журналист ретінде ұялы телефон таңдағанда бірнеше функциясына назар аударамын: жедел жұмысына, камерасына және жадына. Елде төтенше жағдай болып жатқанда немесе сұхбатқа барғанда маған камера мен сұхбат берушінің сөзін жазатын диктофон қажет. Бұл смартфон менің қажеттілігімді өтей ала ма?
Кез келген нәрсенің ең алдымен сырт келбетіне назар аударамыз. Телефонның басты беті бірден көздің жауын алады. Неткен сәнді?! Негізгі экранын өзіңізге ыңғайлы етіп реттеп алсаңыз да болады. Әріптер мен түстер үйлесімі қолжетімді смартфонды қымбат маркалылардың қатарына қосып тұрғандай. Оның үстіне, қаріп айқын әрі анық.
Кейде ұялы телефондар зілдей болады. Оларды қалта түгілі, сөмкеде тасып жүру ыңғайсыз. Ал HONOR X9c смартфоны жеңіл, тіпті қолыңыз кішкентай болса да, ұстауға ыңғайлы. Салмағы - небәрі 189 грамм, бір кітаптың салмағынан да жеңіл. Бұл мен үшін тағы бір "плюс" болды.
Смартфонның түсі де, дизайны да ерекше. Мұндай әдемілікті қаптап жүргің келмейді. Бірақ жеңіл әрі жұқа телефон қолымыздан сырғып түспей ме? Өзім сияқты шапшаң қимылдайтын адамға сыйласам, ертең-ақ сындырып алмай ма? Ақшам зая кетпей ме деген ой болды. Шыны керек, бір рет телефон қолымнан түсіп те үлгерді. Бірақ бір қызығы, 2 метр биіктен құлаған құрылғыға түк болмады.
Қалай? Мұның құпиясы жұқа титаннан жасалған корпусында. Арнайы шыңдалған шыны мен қорғаныс экраны арқасында ол берік, ал ерекше иілген дизайн телефонның бұрыштарын қорғайды. Бұл - смартфонды тіпті ойын баласына да сыйлай аламын деген сөз.
Журналист бүгін министрден сұхбат алса, ертең қоқыс полигонында фоторепортаж жасап жүруі мүмкін. Телефон қолыңнан жерге түссе, ештеңе етпес, бірақ жұмыс бабымен жүргенде абайсызда лайға батса, не болмақ?
Мұны да тексеріп көрдім. Қалың қарға түсіп кеткен телефон дисплейі істемей қалар деген уайым болды. Бірақ құрылғыға ештеңе болған жоқ, бетін ылғалдан бір сүртіп, қайта қолдандым.
Абайсызда суға түсіп кетсеңіз, ал телефоныңыз қалтаңызда қалса да, оның үстіне су төгіліп кетсе де, уайымдаудың қажеті жоқ. Смартфон IP65M стандарты бойынша су мен шаңнан қорғалған. Яғни суға түсіп кетсе, 25 сантиметр тереңдікте 5 минут бойы құрылғы зақымданбайды.
Бұл оны далада, саяхатта немесе ауа райы қолайсыз болып тұрғанда кедергісіз пайдалануға мүмкіндік береді. Смартфон бұл тәжірибеден мүдірмей өтті.
Кез келген смартфон камерасы арқылы сыналады. Әсіресе, менің жұмысым үшін бұл маңызды. Төтенше жағдай түнде болғанда сурет анық әрі айқын шығуы керек. Бұл - басты талаптардың бірі.
Жаңа Honor X9c-тің суретке түсіру қабілетін байқап көрейік. "Ерекше сәттерді түсіру" - суретті қалай түсіру керегі туралы кеңес беретін тәсіл. Бұл - фотоға аса мән бермейтіндер үшін таптырмас нәрсе. Сурет бұлдыр шықты деп уайымдамасаңыз болады, себебі арнайы "велосипед" белгісі оны реттейді.
Қараңғы болсын, жарық болсын, қашық болсын, Honor X9c камерасы кез келген нәрсені суретке дәл түсіретініне тағы бір көзім жетті. Оның үстіне, алыстағы суретті бірнеше мәрте жақындатып қарағанда оның сапасы онша өзгере қойған жоқ. Honor X9c телефонында негізгі камера 108 МП, ал алдыңғы камера 16 МП.
Тіпті портретті де 2,3 есе жақындатып түсіруге болады. Ал сурет сапасыз түсірілсе, онда арнайы AI-мен бірер секунд ішінде өңдеп аласыз.
Тағы бір қызығы - енді кадрда тек мен емес, жақындарымның бәрі болады. Енді селфиге түсіп немесе суретте болмай қаламын деп уайымдамаймын. "Мультитүсірілім" арқылы менің де, жақындарымның да бақытты кезін "сарт" етіп түсіре қоямын.
Бұл оқиға орнынан ақпарат тарату үшін де ыңғайлы. Бірінші бөлігінде журналист, екінші бөлігінде оқиға объектісі бейнеленеді. Енді оқырманға оқиғаны визуал арқылы жеткізу оңай әрі жылдам болмақ.
Айтпақшы, кейде мен "түрім ұнамай тұр" деп суретке түспей қоятын әдетім бар. Ал Honor X9c телефоны мұның шешімін тапқандай. Бұл - бет әрлейтін опция: беттегі безеулерді тегістеп, шаршаған түрді қалыпқа келтіреді. Суретте ажарлы болып тұрсаңыз, көңіліңізді көтеретіні рас қой.
Ал ұнамай тұрған нәрсені AI Eraser функциясы арқылы бір кликпен өшіре аласыз.
Телефон студенттерге қалай пайдалы бола алады? Үнемі ауыр кітаптар тасып жүретін інімнің өмірін құрылғыға қондырылған Жасанды интеллект әлдеқайда оңтайлы етеді. Енді ол құжаттарын типографияға бармай-ақ, қосымша жүктемей-ақ сканерлей алады.
Журналиске маңызды нәрсенің бірі - диктофон. Шыны керек, кейде сағаттап сөйлейтін спикердің даусын жазу қиынға соғады. Сұхбаттың дәл ортасында "жады толып қалды, қажет емес нәрсені өшіріңіз" деген хабарлама келуі мүмкін. Сол үшін телефонның жадына аса мән беремін.
Бұл құрылғының жадына көп нәрсе: 8 ГБ жедел жады мен 256 ГБ ішкі жадыда бірнеше мың фото, видео сақтауға болады. Бұл, әсіресе, кітаптан бас алмайтындарға таптырмас нәрсе. Өзіңізге ұнайтын кітаптарды жүктеп, "кітапхана" жасауға болады. Кейін оны метрода да, жолда да, кезекте де оқи бересіз. Оған 100-ге жуық ойын жүктеп алсаңыз да өз еркіңіз.
Жаңа смартфонды сатып алған адам көп нәрсе үнемдейді. Кітапсүйер қауымға кітапты да, оқуға арналған гаджетті де сатып алудың қажеті жоқ. Қолжетімді телефон ішінде бәрі бар әрі көзіңізді де қорғайды.
Жақындарым "телефонды ұзақ пайдаланып кетті, көзін құртып алмай ма?" деп алаңдамаймын. Құрылғы көзді қорғау технологиясымен жабдықталған. Бұл көзілдірік тағатындарға, тәулігіне 24 сағат жұмыс істейтін журналист үшін де маңызды.
AMOLED экраны да жылдам жаңартылды. Құрылғы экраны видео көргенде, ойын ойнағанда немесе әлеуметтік желіде отырғанда қатпайды. Экран жарықтығы 4000 нитке дейін жетіп, күннің көзі шағылысқанда да анық көрінеді.
Айтпақшы, мұның бәрінен де маңызды нәрсе - телефонның қуаты. Ол орта санаттағы алғашқы кремний-көміртекті батареямен жабдықталған екен. Мұны тексеру үшін оны бір рет қуаттап, қанша уақытқа жететінін байқап көрдім. Смартфонды белсенді пайдаланбасам да ол 3-4 күнге жетті. Сенесіздер ме, оның қуаты бір зарядта 48,4 сағатқа дейін музыка тыңдауға және 25,8 сағатқа дейін видео көруге мүмкіндік береді. Қақаған суықта да, -30 градустан 55 градусқа дейін аязда да жұмыс істей береді. Ал батарея қуаты 2 пайыз қалғанда 50 минутқа дейін қосылып тұрды.
Қызмет бабында бұл телефонмен алыс сапарға да шығуға қорықпауға болады.
Қорытындылай келе, Honor X9c-тің жай телефон емес, нағыз заманауи құрал екеніне көзім жетті. Кез келген нәрсеге төзімді әрі әмбебап смартфон журналиске ауадай қажет. Сондықтан тәжірибеден сүрінбей өткен Honor X9c-ке жоғары баға беремін.
Жаңа смартфонның артықшылықтарын бақыладым. HONOR X9c үш түсте ұсынылған: титан күлгін, нефрит көк және қою қара.
Менің таңдауым нефрит көкке түсті. Бұл сыйлық ініме ұнайтынына күмәнім жоқ. Өзіме де біреуін сыйлаймын.
Егер функционал, сенімді әрі әдемі смартфон қажет болса, Honor X9c талаптарыңызға сай келеді. Ұялы телефон туралы толық ақпарат пен сатылым мекенжайларын сілтеме арқылы білуге болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!