Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жаңа жылда отбасына азық-түлікке қанша шығын кеткенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жаңа жыл қарсаңында бағаның өскенін сездіңіз бе" - деп сұрады Сенат отырысында журналистер.
"Баға өсті. Маусымдық мандариндерден болар. Мүмкін, жылдағыдан 10 пайызға өскен болар. Мүмкін, одан да көп. Әдетте азық-түлікке айына 250 мың теңге кететін болса, желтоқсанда 25-30 мыңға артты", - деп жауап берді Қуантыров.
Ол жаңа жылды Астанада отбасымен қарсы алатынын айтты.
Еске салайық, бұған дейін бағаның өсуі туралы сұраққа Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жауап берген болатын.
"Шынымды айтсам, сездім (бағаның өскенін - еск.). Әйелім де айтты", - деп жауап берді министр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!