Жаңа жылға дейін қалай арықтауға болады? Дәрігер кеңес берді

Жаңа жылға дейін қалай арықтауға болады? Дәрігер кеңес берді
Фото: depositphotos.com

Жаңа жыл жақындаған сайын көпшілік артық салмақтан арылуға асығып, түрлі диета ұстайды, арықтататын дәрілер ішеді, ағзаны тазартуға арналған шырындар мен шайларға жүгінеді. Алайда мұндай тәсілдердің орнына дұрыс тамақтануға мән берген жөн. Бұл туралы гинеколог Татьяна Илюхина өзінің Telegram-арнасында айтып, мерекеге дейін арықтағысы келетіндерге әр тамақтану кезінде ұстануға болатын негізгі ережені түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, әр тамақтанғанда көкөніс жеген дұрыс. Сонымен қатар, ағзаға қажет ақуызды да ұмытпаған жөн. Ол сүзбе, ет, балық немесе құс етінде бар.

Қарақұмық, булгур, тұтас дәнді ұннан жасалған макарон мен нан ағзаны қуатпен қамтамасыз етеді. Маманның сөзінше, мұндай тағамдарды күндіз тұтыну артық май жиналуының алдын алуға көмектеседі.

Кешкі асқа келсек, ол барынша жеңіл әрі қарапайым болғаны дұрыс. Дәрігер кешке ақуызға бай тағамдар мен көкөністерді таңдауға кеңес береді.

Сондай-ақ, ас мәзіріне көк шөп, кебек немесе зығыр дәні секілді жасұныққа бай өнімдерді қосқан жөн. Өйткені олар ұзақ уақыт тоқ жүруге көмектесіп, ас қорытуды жақсартады.

Дегенмен салмақ тастау үшін тағамды қай уақытта жегеннен гөрі, күнделікті тұтынатын калория мөлшері мен тамақтану теңгерімі маңыздырақ. Көмірсуларды кешке жеу өздігінен салмақ қосуға әсер етпейді. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget