Қазгидромет Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1, 2 және 3 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана
1 қаңтарда елордада ауа райы құбылмалы болады, түнде қар жауады, жел соғады. Жолдарда көктайғақ. Жел батыстан, кейін оңтүстік-шығысқа ауысады - 9–14 м/с. Түнде жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 13–15, күндіз 5–7 градус аяз.
2 қаңтарда синоптиктер көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз күнді болжайды. Жел оңтүстік-шығыс бағытта 5–10 м/с. Түнде температура 14–16 градусқа дейін төмендейді, күндіз 4–6 градус аяз.
3 қаңтарда қалада ауа райы құбылмалы болады, күндіз жаңбыр мен қар жауады, қар ұшқындайды, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыс бағытта 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде минус 11–13 градус, күндіз - минус 3–5 градус.
Алматы
1 қаңтарда қалада ауа райы құбылмалы болады, түнде жауын-шашын, күндіз - жаңбыр мен қар түрінде аздап жауын-шашын. Кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан, кейін солтүстік-шығысқа ауысады - 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз - 0-ден плюс 2 градусқа дейін.
2 қаңтарда синоптиктер ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз болады деп болжайды. Түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыс бағытта 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде минус 2-ден 0 градусқа дейін, күндіз плюс 3–5 градус.
3 қаңтарда көшпелі бұлтты болуы мүмкін, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыс бағытта 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде минус 1-ден плюс 1 градусқа дейін, күндіз 5–7 градус жылы.
Шымкент
1 қаңтарда болжам бойынша ауа райы құбылмалы, түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын. Кей уақыттарда тұман. Жел солтүстік-шығыс бағытта 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде минус 2-ден 0 градусқа дейін, күндіз 5–7 градус жылы.
2 қаңтарда ауа райы құбылмалы болуы мүмкін, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыс бағытта 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде минус 2-ден нөл градусқа дейін, күндіз - плюс 7–9 градус.
3 қаңтарда синоптиктер ауа райы құбылмалы, күндіз жаңбыр жауады деп болжайды. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыс бағытта 8–13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 3–5, күндіз 8–10 градус жылы.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz