Жаңа жыл қарсаңында шырша саудасы қызып тұр. Тұрғындар үшін таңдау да сан-алуан. Біреулер шынайы өсіп тұрған қылқан жапырақты өсімдікті таңдаса, табиғатқа жаны ашығаны жасанды шыршаны сатып алуда. Тіпті шыршаны бөлмеде өсіріп, көпшілікті таңғалдырып жатқандар да бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, қытайдан әкелінетін үш метрлік жасанды жасыл шыршаның бағасы - 180 мың теңге. Ал сән салтанаты жарасқан тірі шыршаны шамамен 5-15 мың теңге аралығында сатып алуға болады. Мұндай сұлулықты жаңа жылдан ғажайып пен ең асыл арманының орындалуын күтетін жандар, әсіресе солтүстік өңір тұрғындары таңдайтын көрінеді.
"Шырша үйде ұзақ тұруы үшін оны үйге әкелген соң, діңінің төменгі жағындағы қабығын аздап аршу керек, өйткені қабық - қорғаныс қабаты. Қабығы аршылса, ағаш ылғалды жақсырақ сіңіреді, осылайша ол ұзағырақ сақталады. Екіншіден, шыршаны жылу батареялардан алыс ұстау керек. Олар ыстықтан қорқады. Сонымен қатар ағаш міндетті түрде суға салынып тұруы тиіс, суға аздап қант қосқан жөн, шырша тәттіні жақсы көреді", - дейді сатушы Дмитрий Власов.
Флорист Мария Қанзафарова да кеңес берді.
"Бұл шырша бөлме өсімдігі емес, ол тек далада өсуге арналған. Биылғы Жаңа жылда ол сіздің мерекелік үстеліңіздің сәнін келтіреді. Оны да кәдімгі шырша сияқты безендіріп, мерекелік көңіл-күй жасауға болады. Ал наурыз немесе сәуір айларында, күн жылынып, жер жібіген кезде, оны далаға егуге болады", - деді ол.
Ұсыныс көп, талғам жоғары. Қандай шыршаны таңдасаңыз да, мейлі, ол хош иісі аңқыған табиғи қарағай, мейлі жылдар бойы қызмет ететін жасанды шырша болсын - үйге әкелетін жылуы мен қуанышы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!