- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жаңа жылдық жемпір...
Жаңа жылдық жемпір тері ауруын тудыруы мүмкін. Неге?
Қыста тері проблемалары күшейе түседі. Күн суық болғандықтан, тері құрғаған кезде атопиялық дерматит жиі пайда болады. Бірақ танымал жаңа жылдық атрибуттар денеде түрлі ауруларды тудыруы мүмкін,, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.
Бұғының бейнесі бар жемпір мен аяз атаның қалпағы көптеген адамдар үшін жаңа жылдың басты символдарының бірі. Сонымен қатар фотосессиялар үшін өзгермейтін реквизиттер. Алайда сіз немесе сіздің балаларыңыз аллергияға бейім болса немесе тері проблемаларынан зардап шегетін болса бұл мерекелік заттардан бас тартқан дұрыс.
"Экземасы бар адамдарда тері ылғалды көп ұстай алмайды, сондықтан ол құрғақ болады. Бұл жағдай терінің қышуына, жарылуына, сезімтал болуына әкелуі мүмкін. Егер сіз оны үнемі тырнасаңыз түрлі жаралар пайда болады. Бұл инфекция мен тыртық асты микроптардың пайда болу қаупін арттырады. Гормоналды бұзылулар, стресс, жуғыш заттар мен косметика экземаны тудыруы мүмкін. Бірақ тағы бір маңызды триггер - синтетика мен жүннен жасалған киім", - дейді эстетик Рида Сайед Daily Mail-ге берген сұхбатында.
Сарапшы аллергияға және басқа да тері проблемаларына бейім болған кезде танымал мерекелік үлгілері бар жүн және синтетикалық жемпір, сондай-ақ нейлон және басқа синтетикалық көйлектер сияқты жаңа жылдық киімдерді таңдауда абай болу керектігін ескертті. Қышуды тудыратын және басқа қатты матадан жасалған киім киюге болмайды. Сондай-ақ мұндай киімдерді киген жақындарыңызбен қатты құшақтаспау қажет.
Әсіресе 10-12 жасқа дейінгі балаларға арналған киімдерді мұқият таңдау керек. Олар атопиялық дерматитке басқаларға қарағанда жиі ұшырайды және қыста мәселе күрделене түседі. Дегенмен егде жастағы адамдарда да тері проблемалары болуы мүмкін.
Дәрігер жапсырмалардағы матаның құрамын мұқият тексеріп, мақта немесе жүннен жасалған киімге артықшылық беруге кеңес береді. Сонымен қатар, жеңіл жейделерді немесе ұзын жеңді футболкаларды жемпірдің ішінен киюге болады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Зинешов