Жаңа жылда көбі дастарқан дайындауға білек сыбана кіріседі. Бұл кезде адамдар абайсызда жарақат алуы немесе дайындық деп денсаулығына мән бермей кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда мереке қарсаңында ауруханадан шығу ғажап емес. Алдын алу шаралары қандай? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.
Неге Жаңа жыл қарсаңында адамдар жиі жарақат алады? Doctorpiter.ru порталына травматолог-ортопед, артролог Игорь Козлов бірнеше себебін айтты.
Жаңа жылға дайындық кезеңінде асүйде алған жарақаттар жиі кездеседі. Бұл мерекелік дастарқанды дайындау кезінде алынған жаралар - саусақ пен қол кесу. Мұндай жарақаттар әсіресе салаттар дайындап, банкы ашқанда жиі болады. Айтпақшы, консервілер пышақ секілді қауіпті. Кесілген металдың өткір жиектері терең жара қалдыруы мүмкін.
Сақ болыңыз және бірнәрсе кесіп жатқанда асықпаңыз, банкы ашуға арналған сапалы зат таңдаңыз, балаларға өткір пышақ бермеңіз. Егер жарақат алсаңыз, алғашқы көмек ретінде оны дезинфекциялау құралымен өңдеп, стериль таңғышты қолданыңыз, содан кейін дәрігерге қаралу керек.
Пиротехникалық бұйымдарды абайсыз ұстау салдарынан күйіп қалу қаупі бар. Кейінгі кезде үйде жасалған арзан петардалар мен отшашуларды көбі пайдаланбайды, сондықтан күйік шалғандар азайды.
Сапасы күмәнді пиротехникалық бұйымдарды дүңгіршектерден, базарлардан сатып алмаңыз. Сатып алар алдында өнімнің жарамдылық мерзімін тексеріңіз. Үйде отшашуды жағуға болмайды: тіпті зиянсыз болып көрінетін отжарық та күйік тудыруы мүмкін.
Күйіп қалсаңыз, өзіңізді емдеген дұрыс емес, медициналық көмекке жүгінген дұрыс. Терінің зақымдалған аймағына қар басуға қатаң тыйым салынады - инфекция енгізу қаупі бар. Күйген жерге қаймақ немесе басқа майлы өнімдерді жағуға болмайды.
Әдетте адамдар шаңғы тебеміз деп биіктен құлауы мүмкін. Тротуарларда немесе тайғақ баспалдақтарда тепе-теңдікті жоғалтудың салдары көбінесе көгерулер, тобық және тізе буындарының байламдарының созылуы және үзілуіне әкелуі мүмкін.
Табаны тегіс, сырғанамайтын ыңғайлы аяқкиім киіңіз. Биік өкшелі туфлиді кейінге қалдырған дұрыс. Қатты мұз болса оған қарсы аяқкиім жапсырмаларын пайдалана аласыз. Егер құлап, жарақат алсаңыз, аяғыңызды немесе қолыңызды салқындатыңыз. Жарақат жеңіл болып көрінсе де, жедел жәрдем бөліміне барып, рентгенге түскен дұрыс. Дәрігер сүйектің зақымдануын тексереді, жарақаттың ауырлығын бағалайды және қалпына келтіру бойынша ұсыныстар береді.
Қыстыгүнгі жарақаттардың едәуір бөлігі белсенді демалыс кезінде туындайды. Бұған конькимен сырғанау, тау шаңғысы немесе сноуборд тебу ғана емес, сонымен қатар "ватрушка" да бар.
Шаңғымен сырғанау кезінде кезекпен жүру маңызды: алдыңғы шаңғышы еңістен кеткенше, төмен түспеңіз. Шалқайып немесе ішпен жатпай, алға қарап отырған дұрыс.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!