Қазақстандық полицейлер шыршаны заңсыз сатудың 400-ден астам фактісін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Базарларда және басқа жерлерде 724 жедел топ, оның ішінде 434-і табиғатты қорғау органдарымен бірлесіп құрылды. Осындай топтардың көмегімен 2,6 мыңнан астам рейд жүргізілді
Көрші мемлекеттердің шекаралас облыстарының аумақтарынан әкелінген қылқан жапырақты ағаштарды белгіленбеген жерлерде, сондай-ақ тиісті құжаттарсыз сатуға тыйым салу бағытында елді мекендерде тексерістер жүргізілді.
Мәселен, "Шырша" операциясы барысында 700-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 12-сі заңсыз кесу фактісі, 425-і белгіленбеген жерлерде сату, 302-сі жасыл желектерді ұстау және қорғау ережелерін бұзу.
4 қылмыстық іс қозғалды.
Мәселен, Таразда шыршаны тікелей жеке сектор аумағынан ұрлап кеткен ер адам ұсталды. Бұл туралы полицияға үй иесінің өзі хабарлады.
Күдікті түн жамылып биіктігі екі метрден асатын жаңа жылдық мерекенің көшетін еш саспастан ұрлап әкетіп, 200 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірді.
Ұсталған адамның айтуынша, ол олжасын Жаңа жылды тойлау үшін үйіне әкелген.
Осы факті бойынша "Ұрлық" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!