Жаңа жылды алматылықтар қарсыз қарсы алады

Болжам бойынша, Жаңа жыл түні Алматыда жауын-шашын күтілмейді, күн ашық, ауа температурасы 10-15 градус аяз болады.

Күндіз ауа температурасы 0-5 градус жылы болады. Бұған дейін кейбір сайттарда Жаңа жылда температура 6-12 градус жылы болатыны туралы ақпарат жарияланған болатын. "Қазгидромет" өз кезегінде Алматыда желтоқсан айында ауа температурасының 3 градус аяз, жауын-шашын мөлшері 40 миллиметр болатынын хабарлады.

Синоптиктер жұмыс аптасының соңында, 2015 жылдың 4 желтоқсанында, желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жететінін болжады. Демалыс күндері түнде ауа температурасының төмендеуі 2-10 градусқа дейін жылып, 0-5 градусқа дейін төмендейді. "Кейін барикалық ауысу жылы мен суық толқындардың ауысуына әкеледі. Күннің суытуы бірінші және екінші онкүндіктің соңында болады, ал үшінші онкүндіктің басында күн қарқынды түрде суытады. Ол кезде түнде ауа температурасы 15-20 градус аяз болса, күндіз 5-10 градусқа жетеді", − деп хабарлады ведомство өкілдері.

Синоптиктердің айтуынша, 2015 жылдың 16 желтоқсанында ауа температурасы түнде 0 градус, күндіз 5 градус жылы болады. "Айта кетейік, ауа райы болжамы синоптикалық жағдайлардың өзгеруі бойынша түзетілуі мүмкін", − деп хабарланды. 

Дереккөз:Tengrinews