Жаңа жылдан бастап шетелдіктер дактилоскопиялық тіркеуден өтуге міндетті болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды (16 жасқа толған) дактилоскопиялық тіркеу келесі құжаттарды ресімдеу кезінде міндетті рәсім болады:
Шығарылуға жататын немесе реадмиссия тәртібімен қайтарылатын адамдар (жасалған халықаралық келісімдерге сәйкес) да дактилоскопиялық тіркеуден өтеді.
Дактилоскопиялық тіркеуден өткен кезде шетелдіктерде немесе азаматтығы жоқ адамдарда жеке басын куәландыратын құжат, ол болмаған кезде растау және дактор тіркеуге жіберу туралы анықтама болуға тиіс. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 443-1-бабына сәйкес міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартуы елдің шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге алып келеді. Дактилоскопиялық тіркеу көші-қон қызметінің бөлімшелерінде шетелдіктердің болу орны бойынша жүргізіледі. Мекенжайлар қоса беріледі.
Сондықтан шетелдіктерге дактилоскопиялық тіркеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау ұсынылады. Қазақстан Республикасының азаматтары үшін жеке куәліктер мен ҚР паспортын алған кезде азаматтың келісімімен ерікті дактор тіркеуі көзделген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!