- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- шырша туралы
Жаңа жылдағы шырша саудасы: 5 млн теңгеге жуық айыппұл салынған
Фото:
depositphotos.com
Қылқан жапырақты жас ағаштардың заңсыз кесілуінің, тасымалдануының және сатылуының жолын кесу мақсатында "Шырша" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Іс-шара барысында 711 жұмылдыру тобы құрылды. Жалпы 2450 рейдтік іс-шара өткізілді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 1011 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды: ағаштарды заңсыз кесудің 8 дерегі; белгіленбеген жерлерде сатудың 574 дерегі; жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережелерін бұзудың 429 дерегі.
4,9 млн теңгеден аса сомаға айыппұл салынды. Одан бөлек, 4 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова