БҚО-да бір жасар сәби сәбізге қақалып қайтыс болды. Қайғылы оқиға 31 желтоқсанда болды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
Басылым мәліметінше, бала 1 жас жеті айлық. 31 желтоқсанда сағат 13:20-да баланың анасы оны аудандық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізген. Бірақ бұл кезде бала қайтыс болған. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, дәрігерлер жүрек-өкпе жаттығуын жасаған, бірақ сәтсіз болған.
Дәрігерлер балаға "тұншығу, тыныс алу жолдарына бөгде зат түсуі" деген диагноз қойған. Бала тұншыққан зат сәбіз болып шыққан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!