Мұсылмандар діни басқармасы "Құпия Санта" жаңа жылдық ойынға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі cmn.kz-ке сілтеме жасап.
"Құпия Санта" біздің дінімізде де, дәстүрімізде де жоқ. Сондықтан басқа мәдениеттердің түсінігін қабылдап, оларды таңып алу орнына, ұлттық әдет-ғұрыптарға және исламның адам жүрегін жақындастыратын асыл қағидаттарына негізделген құндылықтарды насихаттау әлдеқайда орынды", – деп жауап берді Басқарма.
ҚМДБ Жаңа жыл діни мереке емес екенін еске салды.
"Мұны тек жаңа жылдың басталуы ретінде қабылдап, осы уақытты жақсы істер жасауға, өзара дұға етуге және адамдарға сәттілік тілеуге арнаса, онда онда тұрған ештеңе жоқ", - делінген жауапта.
Дегенмен, егер мереке алкоголь тұтыну, ерлер мен әйелдердің еркін араласуы және шариғат бойынша тыйым салынған басқа әрекеттермен сүйемелденсе, онда бұл қабылданбайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!