Жаңа жылда жаңа министрлер. Сәрсенбідегі ауыс-түйіс

Жаңа жылда жаңа министрлер. Сәрсенбідегі ауыс-түйіс

Бүгін жаңа жылдағы алғашқы ауыс-түйістер болды. Еліміздегі бес министрлікке жаңа басшылар келді. Massaget.kz тілшісі бүгін Үкіметтегі өзгерістер туралы баяндайды.

Бүгінгі ауыс-түйісті Ғалымжан Қойшыбаевтың жаңа қызметі бастады. Ол Үкімет Аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.


Ғалымжан Қойшыбаев

Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев 1968 жылы Қызылордада дүниеге келген. Соңғы жылдары сыртқы істер министрінің орынбасары болды, оған дейін елшіліктерде қызмет етті. Ал 2019 жылдар бері Премьер-министр кеңсесінің басшысы қызметін атқарған. Оның орнына Үкіметбасының кеңсесін енді Ғалымжан Қойшыбаев басқарады. 

Артынша бес министрліктің басшысы ауысты. Зүлфия Сүлейменова экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды. Ол Серікқали Брекешевтің орнына келді.


Зүлфия Сулейменова. Фото: Видео кадры

Зүлфия Сүлейменова - Қазақстандағы ең жас министр, биыл 25 ақпанда 33-ке толады. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. 

Жас шенеунік еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері болып бастаған.

2020-2021 жылдары Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарған. 2021 жылғы қаңтардан бастап VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болған. Ал 2022 жылы наурызда экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалған еді.

2019 жылдан бері еліміздегі білім саласына жауап беріп келген министр Асхат Аймамбетов қызметін босатты. Оның орнына оқу-ағарту министрі қызметіне Ғани Бейсембаев келді.


Ғани Бейсембаев. Фото: primeminister.kz

Жаңа министр 53 жаста. Еңбек жолын 1986 жылы Шиелі аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі қызметінен бастаған. Қазақ тілі мұғалімі, мектеп директоры, колледж директоры болып жұмыс істеді.

2020 жылы ҚР БҒМ "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болды.

2020 жылғы желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР БҒМ  Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті болды.

Марат Қарабаев индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына тағайындалды. Ол Қайырбек Өскенбаевтың орнына келді.


Марат Қарабаев. Фото:gov.kz

Марат Қарабаев 1987 жылы Өзбекстан Республикасының Ташкент облысында туған.

Еңбек жолын 2011 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су шаруашылығы комитетінің Су шаруашылығы имараттарының желілерін пайдалану және дамыту басқармасы сарапшысының міндетін атқарушы ретінде бастады. Одан кейін индустрия саласында түрлі мемлекеттік қызмет атқарды.   

2021 жылғы қаңтардан бастап бүгінге дейін ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

Елімізде мәдениет және спорт министрі де ауысты. Былтыр қаңтарда министр болып тағайындалған Дәурен Абаев орнын босатты. Оның орнына Асхат Оралов келді.


Асхат Оралов. Фото:gov.kz

Оралов 10 ақпанда 33 жасқа толады, ол экология министрі Зүлфия Сүлейменовадан 15 күнге үлкен.

Министр еңбек жолын 2011 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің әлеуметтік тәрбие жұмысы департаменті жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы ретінде бастаған.

Әр жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Nur Otan партиясының филиалында, Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасында, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде, ҚР Қоғамдық даму министрлігінде жұмыс істеген. 2019 жылы Павлодар облысы әкімінің орынбасары болған. Ал 2020 жылғы шілдеден бастап ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып жұмыс істеген.

Дәл қазіргі уақытта ең жаңа министр - Азамат Есқараев. Ол бүгін соңғы болып тағайындалды. Енді шенеунік Әділет министрлігін басқарады.


Азамат Есқараев. Фото: Премьер-министр баспасөз қызметі

Министр биыл 44-ке толады. Ол еңбек жолын 1996 жылы Алматыдағы ДЭЗ-2 жұмысшысы болып бастаған. Ұзақ уақыт Әділет министрлігінде қызмет атқарды. Алматы әкімдігінің бас инспекторы, "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ Заң қызметтері департаментінің бас менеджері болды.

2019 жылғы маусымнан бастап Премьер-министр кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш