Жаңа жылда ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 2024 жылғы 31 желтоқсан мен 2025 жылғы 2 қаңтар аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Болжамға сүйенсек, республиканың басым бөлігінің ауа райына Скандинавия түбегінен ығысқан циклон әсер етеді:

  • еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында қар, бұрқасын, 1-2 қаңтарда қатты жел болады,
  • батыста, оңтүстік-батыста, республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады,
  • 31 желтоқсанда еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
  • Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі.

"Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы: түнде батыста 5 градус аяз - 5 градус жылы, күндіз 3 градус аяз - 10 градус жылы, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, шығыста түнде 2-13 градус аязға дейін, күндіз 7 градус аяз - 2 градус жылы, шығыста түнде және күндіз 0-8 градус аязға дейін көтеріледі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста ауа температурасы күрт өзгермейді", - деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз