- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жаңа жылда Астананы...
Жаңа жылда Астананы безендіруге 800 млн теңгеден аса қаражат қарастырылған - әкім
Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек биыл қаланы жаңа жылдық безендіруге 800 млн теңгеден аса қаржы қарастырылғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"823-825 млн теңгені түсіндірейін. Бұл қаржы тек желтоқсанға қарастырылмаған. Бұл қаладағы 60 алаңды (безендіруді) көздейді. Оның ішінде 15-20 алаңда мұз айдыны, шырша болады. Қазақ елі алаңында және "Керуен" сауда ойын-сауық орталығында (безендіру) жұмыстары аяқталады. Сондай-ақ мұз айдыны да болады. Оның ауданы – шамамен 300-390 метр", - деді Жеңіс Қасымбек ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Қала әкімі барлық ауданда жаңа жылдық безендіру болатынын атап өтіп, 823 млн теңге қалай жұмсалатынын түсіндірді.
"Адамдар жаңа жылдық алаңдар тек орталықта емес, Бөгенбай даңғылында, Байқоңыр, Алматы және Сарыарқа, Нұра аудандарында болғанын талап етеді. Бізде қыстың қандай болатынын білесіздер. Сондықтан мұз айдынын күтіп ұстау керек. Оңтүстіктегі қалалар мұндай мұз айдынын сала алмайды. Себебі, ондағы ауа райы бұған мүмкіндік бермейді. Сондықтан бізде 823 млн теңге жаңажылдық безендіруге, қыс аяқталған дейін мұндай алаңдарды күтіп ұстауға қарастырылған. Бұған концерттік, жаңа жылдық іс-шараларды қосыңыз", - деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина