2024 жылдың соңғы тәулігінде министрлік қызметкерлері 25 адамды, оның ішінде сегіз баланы эвакуациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жаңа жыл түні еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет етіп жатқан құтқарушылар келіп түскен 158 шақырту бойынша оқиға орнына аттанып, түрлі көмек түрлерін көрсетті.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 158 шақыртудың 88-і - өрт, сондай-ақ 70-і іздестіру операциялары мен авариялық-құтқару жұмыстары болған.
2024 жылдың соңғы тәулігінде министрлік қызметкерлері 25 адамды, оның ішінде сегіз баланы эвакуациялады.
Құтқарушылар қазақстандықтарды өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға, дауылды ескертулерді, ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды елеусіз қалдырмауға, сондай-ақ алыс сапарларға шықпауға шақырады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!