Батыс Қазақстанда жаңа жыл қарсаңында ер адам жоғалып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mgorod.kz-ке сілтеме жасап.
35 жастағы Денис Любимовтың әпкесі бауыры 1 қаңтарға қараған түні жаңа жылды Бәйтерек ауданы Дарьинское кентіндегі демалыс базасында танысымен қарсы алғанын айтады. Мерекеден кейін оны ешкім көрмепті.
Ер адам 8 қаңтардан бастап іздестіріле бастаған.
"Ер адам Дарьинское ауылына қонаққа барған, содан кейін мерекені ауылдан жеті шақырым жерде орналасқан демалыс базасына тойлауға кеткен. 1 қаңтарда таңертең танысы Денис жоқ екенін білген. Ол Денис ауылға кетті деп ойлаған. Бір аптаға жуық ер адам жоғалып кеткенін ешкім білмеген. Кейін бізге арыз түсті. Іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді полиция қызметкері.
Жоғалған адамды көрген немесе оның орналасқан жері туралы кез келген ақпарат білетін адамдардан мына нөмір бойынша хабарлау сұралады: 8-(777)-393-66-41.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз