Қазақстандықтар "Жаңа жыл" мерекесін төрт күн тойлайды.
"ҚР мерекелері туралы" заңына және еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттік және ұлттық мерекелер демалыс күні деп есептеледі. Сонымен қатар мереке атап өтілетін күн демалысқа сәйкес келсе, демалыс күндер бір күнге ұзартылады.
2016 жылы 1 және 2 қаңтар мереке күндері жұма және сенбіге сәйкес келеді. Сондықтан 4 қаңтар − дүйсенбі− демалыс күні саналады. Қазақстандықтар 5 қаңтар күні жұмысқа шығады. 6 қаңтар жұмыс күні. Одан кейін тағы бір демалыс күні болады. 7 қаңтар Рождество мерекесі атап өтіледі. Заң бойынша, бұл күн де демалыс күніне есептеледі.
Айта кетейік, келесі сейсенбі, 1 желтоқсан − демалыс. Бұл күні қазақстандықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтеді.
Дереккөз: tengrinews