Қысқа жұмыс аптасы және қайтадан демалыс - Жаңа 2023 жыл осылай басталады. Жаңа жылда ресми демалыс күндер 1, 2 қаңтарға келіп тұр. Сондай-ақ 7 қаңтар - Рождество.
Сенбіге тап болған 31 желтоқсан мен жексенбіге келіп тұрған 1 қаңтар аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтарға қосымша демалыс сыйлайды. Ал 6 күн жұмыс істейтіндердің жолы болмады, олар үшін 31 желтоқсан - жұмыс күні.
Сонымен, жаңажылдық мерекеде қалай демаламыз?
Аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер: 31 желтоқсан, 1, 2, 3 қаңтар демалады;
Аптасына 6 күн жұмыс істейтіндер: 1, 2, 3 қаңтар демалады;
2023 жылдың 4, 5, 6 қаңтары - жұмыс күндері. Рождество сенбіге келіп тұр. Ол басқа күнге ауыспайды. Яғни, әдеттегідей, сенбі және жексенбі демаламыз. Бұл жолы аптасына 6 күн жұмыс істейтіндердің жолы болды: олар 7 қаңтарда демалады.