Жаңа жыл мерекесінде қанша күн демаламыз?

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қазақстандықтар Жаңа жыл мерекесіне қанша күн демалатынын түсіндірді.

2016 жылдың 31 желтоқсанынан 2017 жылдың 3 қаңтарына дейін демалыс күндері болып есептеледі.

31 желтоқсан сенбіге түсіп тұр.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер» туралы заңның 3-бабына сәйкес, Жаңа жыл мемлекеттік мерекесі 1 және 2 қаңтарда аталып өтеді.

Заңның 5-бабына сәйкес, демалыс және мереке күні сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс болады. 2017 жылдың 1 қаңтары жексенбіге түсіп тұрғанын ескерсек, демалыс күні жексенбіден сейсенбіге (мерекеден кейінгі жұмыс күні) ауысады.

Бәрін қосқанда төрт демалыс күні шығады.

Дереккөз: bnews.kz