Жаңа жыл қарсаңында үйді қалай безендіру керек?

Дизайнер Ксения Кузнецова Жаңа жыл қарсаңында үйді безендіріп жатқанда қандай декордан бас тартқан дұрыс екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

Ең алдымен, Кузнецова ұсақ әрі тез сынып қалуы мүмкін декордан бас тартуға кеңес берді.

"Тез сынатын кішкентай шыны шарлар мен мүсіншелерден жарақат алуыңыз мүмкін. Оның орнына заманауи берік полимер материалдарынан жасалған бұйымдарды, тіпті одан да жақсысы, ағаш әшекейлерді таңдаңыз", - деді маман.

Ол ұсақ және сынғыш ойыншықтар мен әшекейлердің әсіресе балалар мен үй жануарлары үшін қауіпті екенін қоса айтты.

Сондай-ақ, Кузнецова көп жылдан бері қолданылып жүрген жаңа жылдық декорды үйді безендірмес бұрын сапасын мұқият тексеруді ұсынды. Оның айтуынша, кей жағдайда ол да қауіп төндіруі мүмкін. Мысалы, оқшаулауы сапасыз немесе бүлінген гирляндалар өрттің себебі болуы ықтимал.

Дизайнердің айтуынша, декорды немесе жасанды шыршаны сатып аларда олардың сапасын растайтын сертификаттарының бар-жоғын да тексеру маңызды. Ол көптеген тауардың мұндай құжаттары болмайтынын түсіндірді. Маманның сөзінше, сапа сертификаты жоқ бұйымдар улы және оңай тұтанғыш болады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз