Жаңа жыл жақындап келеді. Мереке қарсаңындағы демалыста отбасыңызбен бірге қайта көру керек жаңажылдық фильмдер тізімін ұсынамыз. Massaget.kz тілшісінің материалынан толығырақ оқыңыз.
1. "Ирония судьбы, или С лёгким паром!"
Бұл кеңестік классика Жаңа жылмен тығыз байланысты. Мәскеуден Ленинградқа кездейсоқ ұшып кеткен Женья Лукашиннің оқиғасы сізді күлдіріп, ерекше көңіл күй сыйлайды. Фильм махаббат пен тағдырдың күтпеген сыйларына сенуге итермелейді.
2. "Один дома" (Home Alone)
Жаңа жыл жақындағанда Кевин Маккалистер тағы да үйінде жалғыз қалады. Бұл фильмді білмейтін адам жоқ шығар. Жыл сайын көруден жалықпайтын кинотуындылардың тізімінде бұл фильм міндетті түрде тізімнің басында болады. Ендеше, 2025 жылды тағы бір рет Кевиннің хикаясымен бастаңыз.
3. "Гринч - похититель Рождества" (How the Grinch Stole Christmas)
Мереке мәнін түсінбейтін, бірақ оны ұрлауға бел буған Гринчтің оқиғасы. Бұл фильм жүрек жылуын, өзгелерге сыйластық таныту мен Жаңа жылдың шынайы мәнін ұғынуға шақырады. Көңілді әрі әсерлі сәттері отбасы мүшелерінің бәріне ұнайды.
4. "Эльф" (Elf)
Жаңажылдық ерекше оқиғаға куә болғыңыз келсе, отбасыңызбен осы фильмді қарап шықсаңыз болады. Санта-Клаустың эльфі болған қарапайым адамның қалада қалай өмір сүргені мен өзгелерге бақыт сыйлау үшін жасаған әрекеттері көрермендерді баурап алады.
5. "Операция "Ы" и другие приключения Шурика"
Жаңа жыл алдындағы жеңіл күлкі мен шынайы көңіл күй сыйлайтын фильм. Шуриктің басынан өткен қызықты оқиғалар, оның ішінде ерекше "операция" сізді өткен жылдарға саяхаттатып, шынайы мерекелік сезім сыйлайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!