Денсаулық сақтау министрлігі мереке түнінде елімізде 240 бала дүниеге келгенін мәлімдеді. Арасында егіз сәби бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министрлік өкілдерінің мәліметінше, 125 ұл және 115 қыз дүние есігін ашыпты.
Ең көп нәресте Түркістан облысында туылған - 44 бала, екінші орында - Атырау облысы, онда 29 бала дүниеге келсе, Алматыда 28 отбасы сәбилі болған. Ал Астанада 17 бала дүниеге келген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!