Жаңа жыл қарсаңында жұмысқа зауқы соқпайтындарға не істеу керек?

Жаңа жыл қарсаңында жұмысқа зауқы соқпайтындарға не істеу керек?
Фото: depositphotos.com

Психолог Анастасия Быстрова Жаңа жыл қарсаңында жұмысқа зауқы соқпайтындарға не істеу керегін айтты. Ол News.ru басылымына берген сұхбатында бұл мәселені шешетін бірнеше тәсілді бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Быстрованың айтуынша, ең алдымен, өзіңізді шамадан тыс қажытып алмау маңызды.

"Жыл аяғына дейінгі жұмыс жоспарыңызға міндетті "демалу" уақытын қосыңыз: сыртқа шығып аздап серуендеп, немесе демалыс күні өзіңізге кемінде бір сағат ештеңе істемей тынығуға рұқсат беріңіз", - деп кеңес берді психолог.

Сондай-ақ, жұмыс істеуге мотивация болуы үшін дұрыс ұйықтау керегі айтылды. Ұйқының сапасын жақсарту үшін ол күн сайын бір уақытта ұйықтап, бір уақытта тұруды, ұйықтардан кемінде бір сағат бұрын гаджеттерден бас тартуды және күнде таза ауада кем дегенде 20 минут серуендеуді ұсынды.

Маман нақты мақсаттың, айқын жоспардың болмауы да жұмыс істеуге құлшынысты азайтатынын қосты. Бұған жол бермеу үшін жыл аяғына дейін істейтін барлық жұмысты тізімге жазып, қайсын биыл міндетті түрде аяқтау керегін, ал қайсын кейінге қалдыруға болатынын анықтап алу қажет.

Ол көңіл көтеретін, жанға жайлы әдеттерге уақыт бөлуге шақырды. Дәрігер таңғы ас кезінде какао ішу, жақын адаммен кино көру, демалыс күні спа-процедураларға бару немесе кофеге жаңа бір хош иісті дәмдеуіш қосып көру сияқты жаңа нәрселерді ұсынды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget