- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қаперіңізде ұстаңыз
Жаңа жыл қарсаңында балаларға қауіпсіз ойыншықты қалай таңдаймыз?
Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің міндетті талаптарына сәйкес келмейтін балаларға арналған ойыншықтарды анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомствоның мәліметінше, ойыншықтардың 97 пайызы Қытайдан, үш пайызы ЕАЭО елдерінен әкелінген. Ойыншықтардың 99,3 пайызында таңбалау талаптары, ал 0,7 пайызында органолептикалық көрсеткіштер бойынша талаптар бұзылған.
"Комитет азаматтарды ойыншықтарды сатып алу кезінде мұқият болуға шақырады. Сатып алудан бұрын тауардың қауіпсіздігін растайтын сәйкестік сертификатын талап етіңіз. Ойыншықтарды күмәнді жерлерден сатып алмаңыз және таңбалауына назар аударыңыз", - делінген хабарламада.
Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің талаптарына сәйкес өнім туралы келесі мәліметтер:
- елдің, өндірушісінің атауы;
- ойыншық арналған баланың ең төменгі жасы немесе баланың жасы;
- жасалған күні;
- негізгі конструкциялық материалын көрсететін пиктограмма болуға тиіс.
Ойыншық туралы барлық ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде берілуі керек.
"Ойыншықты таңдаған кезде бояуының тұрақтылығын тексеріңіз, шеттері сынған, жиектері өткір болмауы тиіс, жұмсақ ойыншықтың матасы тығыз болуы және түгі түспеуге тиіс. Ойыншықтың өткір, жағымсыз, бөгде иісі болмауы керек, 3 жасқа дейінгі балаларға ұсақ бөлшектері бар ойыншықтарды алмаңыз", - деп ескертті ведомство.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан