Қазгидромет 29, 30 және 31 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
29 желтоқсанда елордада ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады: түнде 3–8 м/с, күндіз 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде 13–15 градус аяз, күндіз 1–3 градус аяз.
30 желтоқсанда көшпелі бұлтты болады. Түнде қар жауып, төменгі боран болады, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, кейде екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 1–3 градус аяз, күндіз 0–2 градус жылы.
31 желтоқсанда көшпелі бұлтты болады. Таңертең және күндіз қар жауып, төменгі боран, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде және күндіз ауа температурасы 1–3 градус аяз.
29 желтоқсанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде 0-ден 2 градус аязға дейін, күндіз 5–7 градус жылы.
30 желтоқсанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Түнде 0-ден 2 градус аяз, күндіз 7–9 градус жылы.
31 желтоқсанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Түнде 0-ден 2 градус жылы, күндіз 7–9 градус жылы.
29 желтоқсанда көшпелі бұлтты, түннің бірінші жартысында жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде 3–5, күндіз 13–15 градус жылы.
30 желтоқсанда көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Түнде 6–8, күндіз 10–12 градус жылы.
31 желтоқсанда бұлтты, жаңбыр жауады, түнде жауын күшейеді. Жел солтүстік-батыстан 8–13 м/с, кейде екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде және күндіз ауа температурасы 6–8 градус жылы.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!