- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- отшашу туралы
Жаңа жыл қарсаңында 84 мың дана отшашу тәркіленген
Жаңа жыл қарсаңында тәртіп сақшылары күшейтілген жұмыс режиміне көшті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Бүгінде сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды анықтау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Осы уақытқа дейін 8 мыңнан аса рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылған. Бұл шараларға 4800-ге жуық полицей тартылды.
Рейдтер барысында 743 құқықбұзушылық анықталды. Алып-сатарлардың басым бөлігі сертификатталмаған отшашуларды саудалағаны белгілі болды. Сондай-ақ пиротехникалық бұйымдарды сақтауда қауіпсіздік талаптары ескерілмеген оннан аса дерек тіркелді.
Полицейлер 84 мың дана отшашу тәркіледі.
Айта кетейік, Ішкі істер министрлігі 5 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында "Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізеді.
Тыйым салынған, шектелген тауарлар және өзге де заттарды сатқаны үшін 86 250 теңге мөлшерiнде айыппұл салынады (ӘҚБтК 196-бабы).
Жеке тұлғалардың тыныштығын, белгiленген тәртiптi пиротехниканы қолдана отырып бұзғаны үшін 69 000 теңге мөлшерiнде айыппұл салынып, пиротехникалық бұйымдар тәркiленеді (ӘҚБтК 436-бабы).
Тұрғындардың демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін, жұмыс күндері сағат 22:00-ден таңғы 9:00-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23:00-ден таңғы 10:00-ға дейін тыныштықты бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 17 250 теңге, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 69 000 теңге, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 103 500 теңге, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 345 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова