Жаңа жыл қарсаңызда әр отбасы үйлерін мерекеге сай безендіруді бастайды. Әрине, жаңа жылдың басты нышаны – шырша. Көпшілік адам шыршаны ұзақ жылдар бойы қолданатындай етіп алғысы келеді. Сондықтан оны сатып алмас бұрын шыршаны таңдағанда нені ескеру керегін білу маңызды.
Жасанды шыршаны таңдағанда мына нәрселерге мән беріңіз:
Шыршаның ұзындығын қалай таңдау керек?
Үйіңізге қандай шырша келетінін ойланыңыз. Ол төбеге тиіп тұрмауы және бөлме өлшеміне сай болуы керек. Шырша ұзын болған сайын ұзағырақ жиналатынын ескеріңіз. Пәтер және кеңсе үшін шыршаның қолайлы ұзындығы – 1,8-2,2 м. Төменгі бұтақшалардың диаметрі шырша түріне қарай әртүрлі болады. Бастысы, бөлмеде қозғалуға мүмкіндік болатындай орын қалуы керек. Шырша таңдаған кезде соны ескеріңіз.
Егер биік шырша алғыңыз келсе, төбе мен шырша арасында аз дегенде 15 см орын қалуы керек. Сондай-ақ шыршаның төбесіне қадайтын әшекейді де ескерген жөн.
Қандай материалдан жасалған жасанды шырша жақсы?
Қылқан материалына аса мән беріңіз. Себебі шыршаның сыртқы түрі, қылқан беріктігі, үй және отбасы мүшелерінің қауіпсіздігі, оның ұзаққа дейін сақталуы – осының бәрі соған байланысты. Оның негізгі түрлерін қарастырайық:
Шыршаны қалай сақтаған дұрыс?
Сапалы жаңажылдық жасанды шырша – ұзақмерзімді бұйым, оны 10 жылдан аса уақыт қолдануға болады. Алайда ол сол күйінде болуы үшін оны дұрыс сақтау керек.
Алдымен шыршадан барлық ойыншықтарды жинап алыңыз. Содан соң оны дұрыстап бөліктерге бөлу керек: шыршаны төменнен жоғарыға қарай жинаймыз және жоғарыдан төменге қарай құрамыз.
Әрине, тек 2-3 бөлікке бөлініп, қолшатыр секілді жиналатын (Snap-Tree жүйесі деп аталады) шырша алсаңыз жақсы. Бұл кезде бұтақшаларын діңге қарай басып, оны картонды қорапқа салу жеткілікті.
Жасанды шыршаны пакетке салу немесе үлдірге орау ұсынылмайды. Шыршаны тек картонды қорапқа сақтау керек. Шыршаны балкон секілді салқын және ылғал жерге, сондай-ақ батареяның қасына сақтауға болмайды. Шырша салынған қорапты қараңғы және құрғақ жерге қою керек. Егер осы қарапайым кеңестерді сақтасаңыз, шырша өзінің әдемі түсі мен түрін ұзаққа дейін сақтайды.