Apple смартфондарының жаңа моделінде SIM-картаға арналған орын болмауы мүмкін. Бұл туралы сарапшылардың пікірі келтірілген 9to5Mac басылымының мәліметінде айтылған, - деп хабарлайды "РИА Новости".
eSIM технологиясы Еуропа мен Азияда танымал, ол арқылы тұтынушылар қолжетімді тарифтердің ең жақсысына қосылу үшін алдын ала төленген жоспардың бірі ауыса алады. АҚШ-та Apple осы себеппен виртуалды карталарға көңіл бөле бастаған.
GlobalData сарапшысы Эмма Мор-Макклун Apple SIM-картасыз iPhone 14 шығарғысы келетінін айтқан. Бұл картаға арналған орны жоқ алғашқы смартфон болады.
IPhone-ның жаңа буыны 2022 жылғы күзде шығады деп күтіліп отыр. Негізгі өзгерістер жаңа камера, экран кескіні және платформаға ие Pro нұсқасында болады.