Жаңа iPhone-да маңызды функциялардың бірі болмайды - БАҚ

Жаңа iPhone-да маңызды функциялардың бірі болмайды - БАҚ
Фото: ©REUTERS

Apple смартфондарының жаңа моделінде SIM-картаға арналған орын болмауы мүмкін. Бұл туралы сарапшылардың пікірі келтірілген 9to5Mac басылымының мәліметінде айтылған, - деп хабарлайды "РИА Новости".

eSIM технологиясы Еуропа мен Азияда танымал, ол арқылы тұтынушылар қолжетімді тарифтердің ең жақсысына қосылу үшін алдын ала төленген жоспардың бірі ауыса алады. АҚШ-та Apple осы себеппен виртуалды карталарға көңіл бөле бастаған.

GlobalData сарапшысы Эмма Мор-Макклун Apple SIM-картасыз iPhone 14 шығарғысы келетінін айтқан. Бұл картаға арналған орны жоқ алғашқы смартфон болады. 

IPhone-ның жаңа буыны 2022 жылғы күзде шығады деп күтіліп отыр. Негізгі өзгерістер жаңа камера, экран кескіні және платформаға ие Pro нұсқасында болады.

Ж. Қадыржанова