1 қазаннан бастап жеке тұлғалардың қарызын өндірумен айналысатын коллекторлық агенттіктердің жұмысына қатысты жаңа ереже күшіне енді. Massaget.kz тілшісі оның қалай жұмыс істейтінін адвокат Альбина Бахтиярқызынан сұрады.
Жаңа ережеге сәйкес коллекторлық агенттіктер борышкерді міндеттемелерді орындау шарттарын өзгерту құқығы туралы хабардар етуге міндетті: 2024 жылы 1 қазанға дейін сатып алынған берешек үшін - 20 күнтізбелік күн ішінде; жаңа берешек үшін - банктік қарыз немесе микрокредит шарты бойынша құқықтарды алған кезден бастап 30 күнтізбелік күн ішінде.
Коллекторлар үшін азаматтардың кредиттер бойынша берешегін реттеу рәсімдерін жүргізу тікелей міндеті енгізілді.
Ал борышкер коллекторлық агенттікке хабарлама алғаннан кейін кез келген уақытта (бұрынғыдай емес, 30 күн ішінде) өтінішпен жүгінуге құқылы. Өтініште оның қарыз бойынша өз міндеттемелерін орындай алмауының себебін көрсетіп, сондай-ақ мәселені шешудің өз нұсқаларын ұсыну қажет. Сонымен қатар борышкер өтінішке сөзін растайтын құжаттарды тіркейді, бұл оның табысының төмендегенін және қарыз бойынша төлемдерді жүзеге асыра алмайтынын анық көрсетеді.
"Оған қоса, егер коллекторлар ұсынылған мәліметтер мен құжаттарды толық емес деп тапса, борышкердің қосымша мәлімет жинауға уақыты болады. Бұған 5 жұмыс күні беріледі, ал коллекторлық агенттіктің өзі 10 жұмыс күні ішінде қосымша ақпаратты талап етуге құқылы. Осы мерзімнен кейін коллекторлар ештеңе сұрауға құқылы емес. Бірақ талап бойынша құжаттарды белгіленген мерзімде ұсынбау борышкердің өтініші қараусыз қалуына негіз болуы мүмкін", - деп түсіндірді адвокат.
Қарыз алушының өтінішін коллекторлық агенттік 15 күнтізбелік күн ішінде қарайды.
"Коллекторлар шешім қабылдаған кезде борышкерлердің санаттары міндетті түрде нақты ажыратылған ішкі құжаттарды тексереді, мысалы ресми жұмыссыз немесе халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері. Әрбір санатқа қажетті құжаттардың тізбесі және борыштық жүктемені азайту жөніндегі шаралар қоса беріледі. Коллекторлық агенттіктер бұл ақпаратты заң бойынша өздерінің ресми интернет-ресурсында орналастыруға міндетті", - деді адвокат.
Жаңа ережелерге сәйкес, коллекторлық агенттік борышкер үшін міндеттемелердің шарттарын біржақты түрде тиімдірек жаққа өзгертуге құқылы. Мәселен:
Егер коллекторлар жақсартылған шарттарды қолдану туралы шешім қабылдаса, бұл туралы борышкерге хабарлауға міндетті. Өз кезегінде борышкер хабарлама алғаннан кейін 14 күн ішінде коллекторлық агенттікке тиісті өтініш жазып, шарттарды өзгертуден бас тартуға құқылы.
Сондай-ақ коллектор қарыз алушымен жұмыс істеген кезінде өзара іс-қимыл ережелерін сақтауы керек. Яғни әр байланыс кезінде коллекторлық агенттік пен кредитордың атауын, берешектің сомасы мен құрылымын, міндеттемелерді орындамаудың салдарын ұсынып, хабарлайды.
"Осы тұста коллектордың банктік шотты бұғаттауға, борышкердің мүлкін тізімдеуді және тыйым салуды жүргізуге, атқарушылық іс жүргізу шеңберінде осы мүлікті сатуды сатуға құқығы жоқ. Бұл жеке сот орындаушыларының құзыреті", - деп түсіндірді Альбина Бахтиярқызы.
Айта кетейік, бұған дейін коллекторлардың құқығы қандай екені хабарланған болатын.
Қарызыңыз жоқ болса да, коллектор мазалай берсе, не істеу керек?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!