- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жаңа дерек: Тараздағы...
Жаңа дерек: Тараздағы торт сатушының Қайрат Нұртасқа қандай қатысы бар?
Тараздағы танымал кондитер Мерей Тұрғанбай Қайрат Нұртастың отбасымен қандай байланысы бар екенін жария етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кондитер Мерей Тұрғанбай YouTube желісінде Эльмира Абдрхановаға берген сұқбатында әлеуметтік желіде қалай танымал болғанын және Қайрат Нұртаспен қандай туыстық байланысы бар екенін баяндап берді.
"Инстаграмда Заңғар мен Индираның тойында отырған видеом 7 млн қаралым жинап, 100 мың жаңа оқырман әкелді", - деді ол.
Осы орайда Қайрат Нұртастың отбасына қандай қатысы бар екенін сұраған жүргізушіге: "Менің әжем Нұртас ағаның туған әпкесі. Үйдің үлкені - менің апам, ал кенжесі - Қайраттың әкесі", - деп жауап берген кондитер олардың ағайынды екенін айтты.
Сондықтан Мерей Тұрғанбай Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекованы "Дәу мама" деп атайтынын, ол кісі кондитерлік бизнесін жүргізуде жарнама жасап, қолдайтынын да жасырмады.
"Қайрат Нұртаспен қандай туыстығың бар деп бәрі сұрайды", - деді Мерей Тұрғанбай.
Кондитер ең алғашқы тортын Гүлзира Айдарбекованың 50 жасқа толған туған күніне жасаған екен.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева