Жаңа Алатау қаласын сумен қамту үшін елдегі су қорының оннан бір бөлігі жұмсалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жаңа Алатау қаласы шамамен 25 жылдан кейін 2 миллионға жуық халқы бар ірі мегаполиске айналады. Қазіргі кезде инженерлік желілерді жобалау жұмыстары басталды. Белгілі болғандай, жаңа нысандардың құрылысы сарапшылар тобы судың сапасына талдау жасағаннан кейін басталуы тиіс. Алатау халқынсумен қамтамасыз ету үшін тіршілік көзі қайдан алынады? Елімізде бес жылдан кейін келетін су тапшылығы "ұлы" жоспарға зиян келтіруі мүмкін бе? Бұл туралы Алматы қаласы құрылысы одағының төрайымы Любовь Нысанбаеваның блогер Бейбіт Алибековтың YouTube арнасына берген сұхбатынан белгілі болды.
Любовь Нысанбаеваның айтуынша, еліміздегі ауыз су қорындағы тіршілік нәрі ұзаққа жетеді. Жоспарға сай, ауқымды жобаға барлық су ресурстарының оннан бір бөлігі ғана жұмсалуы тиіс. Қуаныштысы - Алатау Іле өзенінің бассейніне жататын ыңғайлы гидрографиялық желіде орналасқан. Сондықтан болашақ мегаполиске тіршілік нәрі екі ірі кен орыннан алынады: Покровское және Талғар.
Әр шығару конусының астында ең таза, ең дәмді жер асты суларының кен орны жатыр. Біз бүгін Алматы тұтынатын ауыз суды Талғар кен орнынан алып жатырмыз. Одан басқа, Алматы кен орны, Қаскелең, Ұзынағаш кен орындары бар. Мұнда барлық жерде таулардан ағып жатқан су бар. Алатаудың жанында Николаев кен орны бар. Сонымен қатар, бізде тұщы су бар. Бүгінде Қапшағайға жеткізілетін су екі көзден алынады. Сонымен қатар, Қазақстанда әлі ешкім қол тигізбеген Шалақ кен орны бар. Бұдан бөлек, Түрген, Есік кен орындарына да қол тигізбейміз. Біз еліміздің барлық су қорларының оннан бір бөлігін пайдаланамыз, - дейді Любовь Нысанбаева.
Алайда, жылдар өткен сайын ауыз суға деген қажеттілік бірнеше есеге артуы мүмкін. Ол туралы Алатаудың бас жоспарында да жазылған. Мәселен, 2040 жылы есептік көлем тәулігіне 263,95 мың м3, тағы 10 жылдан кейін тәулігіне 478 мың м3 жетуі мүмкін. Сондықтан Алатау қаласында су тапшылығының алдын алу үшін алдағы уақытта ұзындығы 337,92 км 7 су тарту жүйесін, сондай-ақ магистральдық су құбыры желілерін салу көзделіп отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!