Өткен аптада Қазақстанның әділет министрі қызметіне тағайындалған Ерлан Сәрсембаев бүгін Үкімет отырысында Қазақстан халқына ант берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазақстан халқы мен президенті алдында өз Отаным - Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін", - деді Сәрсенбаев Үкімет отырысында.
Ерлан Сәрсембаев бұған дейін Конституциялық соттың судьясы болды. Ал оған дейін Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз