Жамбылдық полицей соттасып, декретке шығу құқығын қорғап алды

Жамбыл облысында полиция қызметкері бала күтімі бойынша демалыс беруден бас тартқаны үшін жұмыс берушіні сотқа берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жай

Полицей 2019 жылы үйленген, жұбайымен бірге 3 бала тәрбиелеп отыр. Кіші қызы 2023 жылы жазда дүниеге келген.

Азамат М. Полиция департаментіне декреттік демалыс алу туралы арызбен жүгінген. Оған демалыс беруден жеке құрам қызметкерлері жетіспеуіне байланысты бас тартылған.  

"Сот талап қоюшының науқас баланы күту бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы бар екенін анықтады. Жұбайы - кәсіпкер. Жауапкердің қазір жеке құрам жетіспейтіні, көптеген бос лауазым бар екені туралы жауаптарын сот дәлелсіз деп тапты. Қызметкер жынысына және басқа жағдайларға қарамастан декреттік демалысқа шығуға құқылы", - деп жазылған хабарламада.

Сот шешімі

Сот Полиция департаментінің әрекеттерін заңсыз деп таныды, осылайша талап қоюшыға баласы 3 жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты демалыс беруге міндеттелді.

Осылайша сот полиция қызметкерінің заңды құқығы мен мүддесін қорғаған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!