Жамбылдағы қызғалдақтар фестивалінің арты дауға ұласты

Жамбылдағы қызғалдақтар фестивалінің арты дауға ұласты
Фото: "КТК" кадры

Жамбыл облысында қызғалдақтар фестиваліне барған жұрт қайтар жолда жаяу қалған. Шаршап-шалдыққан қонақтар ауқымды шараға шақырып алып, қайтарда тастап кеткен ұйымдастырушыларға өкпелі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап. 

Телеарна мәліметінше, қонақтар қызғалдақ алқабынан фестиваль аумағына дейін 10 шақырымнан аса жаяу жүрген. Арасында қарттар мен балалар да бар.

Олардың айтуынша, қонақтарға арналған автобустар бірден толып, кетіп қалған. Айдалада амалсыз қалғандар керуендетіп, елді мекенге дейін жаяу жеткен. Одан әрі қалаға дейін тағы да жол тосуға тура келіпті.

Шараны ұйымдастырушылар арнайы дайындалған көліктер бірнеше рейс жасағанын айтады.

Өйткені өз көлігімен келген қонақтар көлігін тастап, автобусқа мінген. Олардың сөзінше, дайындалған 20 автобус пен 40 көлікке 4 мың адам қарап қалған. Алайда әкімдік өкілдері бірнеше сағатта барлық қонақ жол бойына дейін жеткізілгенін мәлімдеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget