Жамбыл ауданында 100 жұмыс орнын ашумен 14,5 млрд теңгеге "Гипсокартон және құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру зауытының құрылысы" ірі жобасын іске асыруды бастаған "КнауфГипсТараз" ЖШС неміс-қазақстандық өндірушісі жер учаскесін алу проблемасына тап болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Жамбыл облысының прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі инвесторға зауыт салу және теміржолға қызмет көрсету үшін қосымша 20 га жер беруден заңсыз бас тартқан.
Жамбыл ауданы прокуратурасының енгізілген қадағалау актісінің нәтижелері бойынша жер алу мәселесі оң шешіліп, жобаны іске асыру жалғастырылды.
Кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Фронт-офис аясындағы жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауда.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз