- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жамбылда құрылыс көлемі...
Жамбылда құрылыс көлемі артты
Биыл тұрғын үй кезегіндегі азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында "Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы аясында құны 74 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Тараз қаласында 3 073 пәтерлі 59 кредиттік тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде 15 мөлтек ауданында - 2 353 пәтерлі 43 үй, Асқарова алқабында - 720 пәтерлі 16 тұрғын үйдің құрылысы. Ал аудандар арасында Байзақта 60 пәтерлі 4 арендалық үй, Қордайда 60 пәтерлі 2 үй, Талас ауданы, Қаратау қаласы – 44 пәтерлі 2 үйді қайта жаңғыртылып жатыр. Ал Сарысу ауданы, Жанатаста – 90 пәтерлі 1 үйді қайта жаңғырту болса, Жуалы ауданында – 18 пәтерлі 1 үй.
Жыл қорытындысымен 2 514 пәтерлі 45 тұрғын үйдің құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.
Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал және көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту мақсатында ағымдағы жылға 797 пәтерді сатып алуға республикалық бюджеттен 7,6 млрд. теңге қаржы бөлінді.
Бұдан бөлек, жеке меншік инвестиция есебінен 594 пәтерлі 14 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысын жыл соңына дейін аяқтап, мемлекеттік бюджет қаражаты және жеке инвестиция есебінен жалпы 698,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру міндетте тұр.
10 айдың қорытындысымен бюджет қаражаты есебінен 579 пәтерлі 10 тұрғын үйдің Тараз қаласында 561 пәтерлі 9 кредиттік үй, Жуалы ауданында 18 пәтерлі 1 арендалық үй және жеке меншік инвестиция есебінен 474 пәтерлі 11 үйдің құрылысы аяқталды.
Жалпы бюджет қаражаты және жеке инвестиция есебінен 557,7 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 102,2%-ға асыра орындалды.
Ағымдағы жылы жер кезегіндегі азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін 14 жаңа алқапта 20 инженерлік инфрақұрылым жобаларының құрылысын жүргізуге бюджеттен 5,4 млрд.тг. қаражат бөлінді.
Жыл қорытындысымен 2 жаңа алқапта Жамбыл ауданы, Аса ауылында 811 жер телімі, Жаңатас қаласы Құрылысшы алқабында 58 жер телімін таратуға дайындау жоспарлануда.
Өздеріңізге белгілі облыс аумағында тәрбиелік мәні бар "Асарлатып үй салу" жобасы басталған болатын. Бұл игі істің мақсаты - әлеуметтік осал топтағы және көп балалы отбасыларды баспанамен қамту.
"Асар" жобасы басталғалы асарлатқан ағайынның көмегімен 338 мұқтаж отбасы баспаналы болса, биыл 105 отбасына қуаныш сыйласақ деген ниетіміз бар. Бүгінгі күнге, 49 жанұя баспаналы болды.
Жамбыл облысы әкімдігі
Қалған 56 үйдің құрылысын жоспарға сәйкес жыл соңына дейін тапсыру жоспарлануда.
"Асар" жобасы бойынша көмек көрсетілетін мұқтаж жанұя тізімін ауылдық округ әкімдігі және ауылда төрағалық ететін ақсақалдар кеңесі арқылы анықталады, - деп айтты Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы Данияр Темірбекұлы.
Жамбыл облысы әкімдігі ұсынған
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz