Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында ерекше құтқару дерегі тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылы 17 мамырда 17:11-де Жаңатас қаласы 3 мөлтек ауданындағы үйлердің бірінде балалар ойнайтын алаңда жасөспірімнің әткеншекке басын қысып алғаны туралы хабарлама түскен.
"Оқиға орнына ТЖД-ның 5 қызметкері, оның ішінде Жаңатас қаласының өртсөндірушілері мен құтқарушылары шықты. Олар қызды темір құрсаудан шығарды. Жарақат алмағандықтан қызға медициналық көмек қажет болмады", - делінген ТЖД хабарламасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!