Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктауарларының инфляциясы жыл басынан бері 104,6%-ды құрады. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.
"Баға тұрақтылығын қамту үшін: 4 түрлі көкөніс тауарларының маусымаралық кезеңінде баға тұрақтандыру мақсатында барлығы 7251 тонна тауарға форвардтық келісім-шарт жасалынды. Жыл басынан бері артық делдалдық буынды жою комиссиясының 91 отырысы өтіп, барлығы 64 делдалдық буын жойылды. Облыс бойынша 180 ірі сауда дүкеніне делдалсыз 2987 тонна 9 тауар (ұн, тауық еті, сүзбе, тұздалмаған сары май, рожки, жұмыртқа, тұз, қант және айран) түрі бойынша тікелей жеткізу жұмыстары ұйымдастырылды. Сауда үстемақысын асырғаны бойынша 26 сауда дүкеніне хаттамалық ескерту берілсе, 3 сауда дүкеніне айыппұл салынды" , – деді сала басшысы.
"Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында облысқа 52,1 млн. АҚШ доллары тартылды. Жыл соңына дейін 130 млн. АҚШ долларына дейін тікелей шетелдік инвестициялар тарту көзделуде. Жалпы, 2023 жылдың қаңтар-қазан айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 364,7 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде жеке инвестиция 305,2 млрд. теңге болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 130,1%-ға артты"-деді басқармаса басшысы.
Жалпы,облысқа шетелдік инвестицияларды тарту бойынша қарқынды жұмыстар атқарылуда.
Жамбыл облысының әкімдігі ұсынған материал
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!