Жамбылда жұртты шошытып жарнама түсірген блогер ұсталды

Фото: Видео кадры

Жамбыл облысында жұртты шошытып жарнама түсірген блогер жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, супермаркеттердің бірінің жарнамасын түсіру кезінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған блогер ұсталған.

"Көрермендердің назарын аудартуға тырысқан ол қойылым ретінде көліктің алдыңғы әйнегін сындырған және жолаушымен дөрекі сөйлесіп, адамдарды шошытқан. Полиция күдіктіні анықтап, оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты", - деп жазылған хабарламада.

Блогер осы әрекеті үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget