- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жамбылда 1,5 млн...
Жамбылда 1,5 млн бас төл бірдейлендірудің деректер қорына енгізілді
Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының Тараз және аудандардағы бағынысты ветеринария ұйымдары мемлекеттік тапсырыс бойынша жануарлардың аса қауіпті эпизоотиялық және энзоотиялық ауруларына қарсы профилактикалық-диагностикалық іс-шараларды жүргізеді. Биылға арналған Ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру жұмыстары облыс әкімінің орынбасарымен бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізіліп 1,5 млн. бас төл бірдейлендірудің деректер қорына енгізілі. Облыс бойынша 10 айда ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорында барлығы 4,8 млн. бас ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелген. Облысымыз мал саны жағынан Республика бойынша екінші орында.
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Құрмантаев Нұржас Нұржанұлы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша биылғы жылға бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы бағытталған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралары 10 айлық жоспарға сәйкес өз деңгейінде орындалды.
Облыс аумағында 4 ауру түрінен 20 ошақ анықталып, оларда карантин шаралары қойылып, бүгінгі күнге аурудың көзін жою және сауықтыру жұмыстары толық жүргізілді.
Конго-Қырым Геморрагиялық Қызбасына қарсы 2023 жылға арналған жоспарға сәйкес облыс аумағында эндемиялық аймаққа енгізілген 37 елді мекенде 2,9 млн. шаршы метр аулалар мен қора жайлар және барлығы 506 мың бас ауыл шаруашылығы жануарларына үш кезеңдегі залалсыздандыру жұмыстары толығымен жүргізілді.
Жыл басынан "Жамбыл" 109 диспетчерлік орталығына иесіз жануарларды аулау бойынша түскен хабарламаларға сәйкес 23 883 қаңғыбас ит және 189 мысық ауланып, оның 192 иті уақытша ұстау орнына орналыстырылды. Ветеринариялық станциялар шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындар болғандықтан мемлекеттік тапсырыстан тыс ақылы қызмет көрсете алады. Бұл бағытта аудандар және ауылдық округтер аумағында 11 клиникалар мен 145 аптекалар ашылды.
Қала мен аудандардағы ветеринариялық станциялары және құрамындағы ветеринариялық пункттердің материалдық-тахникалық базасын жаңарту бағытында жұмыстар атқарылуда. Ветеринар мамандарының жұмысын оңтайландыру және уақытын үнемдеу үшін "E-ISZH" ақпараттық жүйесі енгізілген 160 дана заманауи планшеттермен қамтамасыз етілмек.
Жамбыл облысы әкімдігі ұсынған
Massaget.kz