Жамбыл облысының тұрғынынан ірі көлемде есірткі партиясы тәркіленді

Жамбыл облысы Байзақ ауданында ірі көлемде есірткі партиясы тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Байзақ ауданы прокуратурасымен бірлесіп, есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен 51 жастағы аудан тұрғынын ұстады.

Күдіктінің үйін тінту барысында жалпы салмағы 15 келіден асатын кептірілген марихуана есірткі заты табылып, тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соттың шешімімен күдіктіге бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау санкциясы берілді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!