Жамбыл облысында Полиция департаментінің басшысы мен оның төрт орынбасары ауыстырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин және оның орынбасарлары Құрмет Мажикенов, Нұржан Рахметуллаев, Қанат Сматов, Бауыржан Удергенов, сондай-ақ ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Алмас Қожашев қызметінен босатылды", – делінген хабарламада.
Облыстық полиция ведомствосының жаңа бастығы болып бұрын көліктегі полиция департаментін басқарған Бақытжан Малыбаев тағайындалды.
ПД бастығының бірінші орынбасары қызметіне Мақсат Қанапияев, ал орынбасарлары болып Бауыржан Жанаев, Жайдарбек Құттыбаев және Мұхтар Аманбеков тағайындалды.
Ішкі істер министрлігі полиция жұмысын оңтайландыру және оның тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдауды жалғастырады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!