Бүгін Астана қаласында «Мега» ОСО алдындағы алаңда Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары азық-түлік өнімдерін арзан бағамен сатып алу мүмкіндігіне тағы да ие болды, - деп хабарлайды astana.gov.kz.
Астана қаласы Ауыл шаруашылық басқармасының хабарлауынша, бұл жәрмеңкеде Жамбыл облысы тауар өндірушілері 100 тоннадан астам азық-түлік өнімін ұсынды.
Жәрмеңкедегі тауар бағалары нарықтағы бағадан 15-20% арзан болды. Мысалы, сарымсақтың бір келісі 40 теңге, картоп 55 теңге, қарбыз 25 теңге, қант 150 теңгеден сатылды.
Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылық жәрмеңкелері қыркүйектің 22-не дейін жалғасады.