Төтенше жағдай кезінде Жамбыл облысының автожолдарында қар құрсауында қалған 5 мыңға жуық адам құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жамбыл облысы әкімдігінің хабарлауынша, құтқару шараларына жергілікті атқарушы органдар, Төтенше жағдайлар министрлігі, полиция департаментінің күштері, Қорғаныс министрлігінің әскерилері мен жол қызметкерлері қатысты.
Адам өліміне қатысты ақпарат тіркелген жоқ.
"Құрметті тұрғындар, сіздерден тек ресми ақпараттарға сенулеріңізді сұраймыз! Әлеуеметтік желілерде (белгілі парақшаларда) таралып жатқан Жамбыл облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезінде қаза тапқандардың тізімі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. ҚР Қылмыстық Кодексінің 274-бабы бойынша көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жаза қарастырылғанын еске саламыз", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!