Жамбыл облысының әкімі туыстарының кәсібі туралы айтты

Жамбыл облысының әкімі туыстарының кәсібі туралы айтты
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев туыстарының кәсібі туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде журналистер әкімнен Алматы облысында туыстарының кәсібі бар-жоғын сұрады.

Қарашөкеевтің айтуынша, оның туыстарының ешқайсы бұл өңірде кәсіппен айналыспайды.

"Сіздердің де мен сияқты туыстарыңыз бар шығар. Мүмкін бұл туыстар Жамбыл облысына қатысы жоқ кәсіп түрімен айналысатын шығар. Менің ауылыма барыңыздар да, анықтап көріңіздер. Мен олардың барлық ісі туралы біле алмаймын ғой. Халық көп, ағайын-туыс та көп, бірақ Жамбыл облысында кәсіппен айналысып жатқандары жоқ. Олар өз бетінше күн көріп, өз істерімен айналысып жатыр", - деді әкім.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан