Жамбыл облысындағы кен байыту кешенінде төтенше жағдай болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
18 қыркүйекте Жамбыл облысындағы «Алтыналмас» АҚ-ның бір кен байыту кешенінде тау жынысы опырылды. Оқиға орнына шұғыл түрде апаттық-құтқару тобы жетіп, іздестіру-құтқару жұмыстары басталды.
Тау жынысының қозғалысы мен күрделі географиялық жағдайлар салдарынан опырылған аумаққа қол жеткізу айтарлықтай қиын. Компанияда жазатайым оқиғаны тексеру басталды, барлық күш пен құрал апат астында қалған жұмысшыларды іздеуге бағытталды.
Оқиғадан кейін бірден жұмыс тобы құрылды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз