Жамбыл облысындағы Жаңа Жамбыл фосфор зауытында 3 адамды күйік шалып, олардың біреуі қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай 29 қаңтарда кәсіпорынға тиесілі №5 цехте болған. Телеарна мәліметінше, технологиялық жұмыстар кезінде пештен ыстық шоқ атқылап, үш бірдей жұмысшыны күйік шалған. Зардап шеккендердің екеуі - сары фосфор өндірісінің операторы, ал біреуі - жөндеуші. 31 жастағы жұмысшы денесінің 45 пайызын күйік шалып, жансақтау бөліміне жеткізілген. Алайда ол көз жұмған.
Тағы екі қызметкер қалалық аурухананың күйік бөлімінде ем қабылдап жатыр. Бұл оқиғаға байланысты тексеріс басталды.
"Үш адам зардап шегуіне байланысты департамент комиссия құрды. Тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіледі", - деді Жамбыл облыстық еңбек инспекциясының бөлім басшысы Бекжан Әбді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова